Бағдарламаны жою

Сіз Kaspersky Security Center бағдарламасын Microsoft Windows бағдарламаларын орнату және жоюдың стандартты құралдарымен жоя аласыз. Бағдарламаны жою үшін шебер іске қосылады, оның жұмысы нәтижесінде құрылғыдан бағдарламаның барлық құрамдастары (плагиндерді қоса) жойылады. Шебер сіздің әдепкі бойынша браузеріңізде веб-бетті сауалнамамен бірге ашып, онда сіз Kaspersky Security Center-ді пайдалануды неге тоқтатуға шешім қабылдағаныңызды айта аласыз. Егер шебер жұмыс істеп тұрған кезде сіз ортақ қатынасы бар қалтаны (Share) жоюды белгілемеген болсаңыз, оған қатысты барлық тапсырмаларды аяқтағаннан кейін, оны қолмен жоюға болады.

Бағдарлама жойылғаннан кейін, файлдар жүйелік уақытша қалтада қалуы мүмкін.

Бағдарламаларды жою тапсырмаларын жасау шебері Басқару серверінің сақтық көшірмесін сақтауды ұсынады.

Бағдарламаны Microsoft Windows 7 және Microsoft Windows 2008 операциялық жүйелерінен жойған кезде бағдарламаларды жою тапсырмаларын жасау шеберінің жұмысы мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін, операциялық жүйеде есептік жазбаларды басқару қызметін (UAC) өшіріп, бағдарламаны жоюды қайта іске қосыңыз.

Басына оралу